Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-8 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
1.3 C
Shymkent

Қытайдың ең ірі қаласы Шанхай локдаунға жабылды

Танымал

Ел аузында

Шанхайда коронавирус салдарынан бұрын соңды болмаған локдаун шаралары енгізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мегаполисте коронавирустың өршуі бойынша 2 жылдағы ең үлкен локдаун жарияланды.

25 миллион тұрғыны бар қалада коронавирустың 50 жергілікті және 10 тасымалды жұқпалы жағдайы, сондай-ақ 3 454 асимптоматикалық белгілері анықталған.

Жергілікті биліктің айтуынша, карантин жаппай тестілеудің 2 раундын өткізу және аурудың одан әрі таралуын болдырмау үшін қажет. Ол 2 кезеңде өтеді. Біріншісі 28 наурыздан1 сәуірге дейін Хуанпу өзенінің шығысы мен оңтүстігінде, екіншісі 1 сәуірден 5 сәуірге дейін су қоймасының батыс аймақтарында өтеді.

Локдаун кезінде Хуанпу өзені арқылы өтетін туннельдер мен көпірлер жабылады. Сонымен қатар қоғамдық және жеке көліктер жүруді толығымен тоқтатады. 

Барлық компаниялар мен кәсіпорындар қашықтан жұмыс істеу режиміне ауыстырылды. Эпидемияға қарсы қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін қызметтер үзіліссіз жұмыс істейтін болады.

Шанхай тұрғындары үйде болуға міндеттелді. Биліктің айтуынша қажетті өнімдерге онлайн режимінде тапсырыс беруге болады.

Қалаға жақын орналасқан Пудун халықаралық әуежайы жұмысын жалғастырады. Бірақ жолаушылардан авиакомпаниялардың рейстерінің кестесін алдын-ала нақтылауды сұрайды.

Қытай коронавирусқа «нөлдік төзімділік» саясатын ұстанады. Соңғы күндері елде күніне шамамен 1,2 мың жағдай тіркелді. Билік симптомсыз фактілерді бөлек қарастырады. Олардың саны тәулігіне 5 мыңнан асады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...