+28°C: Синоптиктер алдағы үш күнде ауа райы қалай болатынын айтты

Танымал

Ел аузында

«Қазгидромет» синоптиктері 5-7 сәуір аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Болжамға сәйкес, бұл күндері солтүстік, батыс, шығыс өңірлер солтүстік-батыс циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер ықпалында болады. Соған байланысты бұл аймақтарда жауын-шашын жауады, жел күшейеді. Түнгі уақытта көктайғақ болуы мүмкін.

Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінде күн жылы болады. Алайда таулы аудандарында жаңбыр мен найзағай болуы мүмкін. Күндіз бұл аймақтарда термометр бағаны +20…+28 C-қа дейін жетеді.

Алматыда 5 сәуірде күн бұлтты болады, түнде ауа температурасы +14C, күндіз +24C көрсетеді. 6-7 сәуірде күн ашық, түнде +16…+18C, күндіз +26…+27 C болады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ТҮРКІСТАН ПОЛИЦИЯСЫ ШЕТЕЛДІК ТУРИСТІҢ ЖОҒАЛҒАН ТЕЛЕФОНЫН ТАПТЫ

Түркістан қаласына отбасымен саяхаттап келген БАӘ азаматы Desai Dev Ketan ұялы телефонын абайсызда такси көлігінде қалдырып кеткен.Шетелдік турист қонақүйден...