Қайрат Сатыбалдыұлының бақылауындағы компания басшылары ұсталды

Танымал

Ел аузында

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Қайрат Сатыбалды мен оның бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыға қатысты тергеу ісін жалғастыруда. Тергеу барысында Сатыбалдыұлының бақылауындағы компаниялардың ақша жымқырғаны анықталды. 

«Тергеу Қ.Сатыбалдыұлының бақылауындағы компаниялар – кірме теміржол желілері (соңғы километр) иелерінің ақша жымқырғанын анықтады.

Аталған тұлғалар мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының көмегімен елдегі қала құраушы кәсіпорындарға кіреберіс жолдарға қызмет көрсету тарифін негізсіз жоғарылату арқылы миллиардтаған пайда тапқан, бұл халықтың тіршілігін қамтамасыз ету қызметтері бағасының өсуіне әкелген», – делінген хабарламада.

Қайрат Сатыбалдыұлының бақылауындағы екі компания жетекшісі соттың санкциясымен қамауға алынды. Олардың кінәсін сот анықтайтын болады. 

Өзге ақпарат тергеу құпиясын сақтау мақсатында жарияланбайды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ТҮРКІСТАНДА «ҚАУІПСІЗ ЖОЛ»: ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН БҰЗҒАН ЖҮРГІЗУШІЛЕР АНЫҚТАЛУДА

Түркістан қаласында жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 10-12 тамыз аралығында республикалық «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық...