Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

18 C
Nur-Sultan
22 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

Еліміздегі 7 миллиардердің екеуі Қазақстан азаматы емес

Танымал

Ел аузында

Forbes жариялаған әлемнің ең бай адамдары қатарына кем дегенде миллиард доллары бар бес қазақстандық кіріп отыр. Сонымен қатар, жыл сайынғы рейтингтің 36-шы шығарылымына Қазақстанда тұратын, алайда ел азаматы емес 2 қалталы енді деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сонымен аталған тізімде Қазақстан тарапынан Владимир Ким (байлығы 2021 жылғы 4,6 миллиардтан биыл 5 миллиард долларға өскен), Тимур Құлыбаев (3,8 млрд доллар, 2021 жылы – 2,8 млрд), Динара Құлыбаева (3,8 млрд доллар, 2021 – 2,8), Болат Өтемұратов (былтырғы 3,4 миллиардтан 2,8 млрд долларға азайған), Вячеслав Ким (мұнда да өткен жылғы 3,3 миллиардтан 2 млрд долларға кеміген) бой көрсетті.

Ал Kaspi.kz акционері және басқарма төрағасы, жеке қаражаты 3,2 млрд доллардан 1,9 миллиардқа төмендеген Михаил Ломтадзе – Грузия азаматы. Сондай-ақ, Freedom Holding Corp. инвестициялық тобының негізін қалаушы, керісінше жиғаны 2,1 млрд доллардан 2,4 млрдқа дейін ұлғайған Тимур Турлов – Ресей азаматы.

Еске сала кетсек, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев таяуда шетелдік басылымда шыққан мақаласында, «Олигархтар мен олардың монополияларына тиесілі орасан мол байлық еліміздің жұмысшы және орта таптарының игілігіне қайта жұмсалады», – деп мәлімдеді.

Жалпы, дүниежүзіндегі ең бай адам атағын, ағымдағы жылы Amazon ғаламтор операторының негізін қалаушы және бас директоры Джефф Безосты басып озған SpaceX және Tesla компанияларының иесі Илон Маск 219 млрд доллармен еншілеуде.

Миллиардерлер АҚШ пен Қытайда және Үндістанда көп. Барлы, жер бетінде, 2 668 миллиардер өмір сүріп жатыр.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Тоқаев туған күнін тойлаудан тағы да бас тартты

17 мамыр - Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Берік Уәлидің айтуынша, Қасым-Жомарт...