Министр: Қытай мен Еуропада коронавирус өршіп тұр, маска таққан дұрыс

Танымал

Ел аузында

Елдегі жағдай тұрақты болғанына қарамастан, шекара маңайында шектеулер сол күйінде қалып отыр.

Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай қанағаттанарлық деңгейде. Сонда да адамдар көп жиналатын жерлерде маска тағуға кеңес береміз, дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.

Министрдің үндеуін coronavirus2020.kz сайты жариялады.

Министрдің «Қазір Қытайда «омикронмен» науқастану көлемі артып жатқанын білесіздер. Бірқатар Еуропа елдерінде сырқаттану деңгейі өсіп отыр. Сондықтан елдегі жағдай тұрақты болғанына қарамастан, шекара маңайында шектеулер сол күйінде қалып отыр. ПТР-тест қорытындысынсыз, вакцинация паспортынсыз тек өз азаматтарымыз ғана емес, шетелдіктер де ел аумағына кіре алмайды», – деген сөзін жариялады сайт.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Жетісу медицинасының кадрлық әлеуетін қалыптастырған колледжге – 90 жыл

Бүгін Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында Талдықорған жоғары медициналық колледжінің 90 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті. 1936...