Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

10 C
Nur-Sultan
18 C
Almaty
18.3 C
Shymkent

Тегін 10 соток жер үшін кезекке қалай тұру керек?

Наурыз айынан бастап Қазақстанның электроны үкімет порталында жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер кезегіне тұру бойынша жаңа қызмет іске қосылды.

Танымал

Ел аузында

Бұл қызметтің арқасында қазақстандықтар кезекке тұрып, оны онлайн режимінде бақылай алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Алау» басылымына сілтеме жасап. 

Бұған дейін азаматтар кезекке тұру үшін әкімдікке баратын. Сонымен қатар кезек тізімі де әкімдікте сақталатын. 

«Бұған дейін жер кезегіне тұру және жерді жекеменшікке сату қызметтері порталда жұмыс істемеді. Қазір кезекке тұру автоматтандырылды. Енді азаматтарға әкімдікке барудың керегі жоқ, мұны электронды түрде ала алады. Бар болған компьютер мен электронды сандық қолтаңба қажет», – деді Қостанай облысы Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының бас маманы Махаббат Сырғабай. 

Басылым мәліметінше, 18 жастан асқан кез келген азамат жеке тұрғын үй құрылысы үшін 10 соток жерді тегін ала алады. Сондай-ақ пәтер, үй немесе жер телімінің болуы маңызды емес. Алайда азамат тұрғын үйді қолданысқа беру жөнінде актке қол қойылған соң ғана жер телімінің иесі атанады. Жер телімін екінші рет тегін ала алмайды. 

«Бұл үшін электронды үкімет порталына кіріп, іздеу жолынан қызмет атын жазу керек немесе «Жылжымайтын мүлік» – «Жер қатынастары» бөлімін таңдау қажет. Бұдан соң «Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін (10 сотық жер) алуға кезекті қарау немесе кезекке тұру» қызметіне өту керек», – деп түсіндірді маман. 

Нәтижесінде азаматқа кезекке тұрғаны туралы анықтама беріледі немесе бас тартылғаны туралы хабарлама келеді. 

Ресми деректерге сәйкес, Қостанай облысында тегін 10 соток жер кезегінде 33 мың адам тұр.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Илийском районе специалисты высокого класса провели прием населения

В Илийской центральной районной больнице, по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Тұрысбекұлы, организован прием для населения опытными...