Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

14.3 C
Nur-Sultan
19.5 C
Almaty
24.8 C
Shymkent

Pfizer вакцинасының бір дозасы қанша теңге тұрады?

Танымал

Ел аузында

2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджетте америкалық Pfizer вакцинасын сатып алуға 20 миллиард теңге қарастырылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Үш жылдық бюджетті нақтылау аясында денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы күреске қосымша 77 миллиард теңге сұратты. Оның ішіне вакцина сатып алуға кететін шығын да кірген.

Қаржы вице-министрі Татьяна Савельева мәжіліс кулуарында Pfizer вакцинасын сатып алуға бюджетте 20 миллиард теңге қарастырылғанын нақтылады.

«Егер мен қателеспесем, 2 миллион адамға вакцинаның екі компонентін салу үшін 20 миллиард теңге бөлінеді», – деді Савельева.

Осылайша Қазақстан Pfizer вакцинасының бір дозасына 5 мың теңге жұмсайды.

6 сәуірдегі жағдай бойынша республикада 835 864 адам Pfizer вакцинасын салдырды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Егіз қыздардың ерекше оқиғасы: IQanat кәсіпкері олардың жұбы жазылмауына қалай көмектесті

Айым және Гүлім Орынбасар – Түркістан облысының Қазығұрт ауылында туған егіз қыздар. Олардың екеуі де ауыл балаларына тегін білім...