Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
7.3 C
Shymkent

Қасым-Жомарт Тоқаев орталық органдардың басшылары жұмысына қатысты жарлыққа қол қойды

Танымал

Ел аузында

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев орталық органдардың басшылары жұмысына қатысты жарлыққа қол қойды. Атап айтқанда, қаулы орталық атқарушы органдардың басшылары мен барлық деңгейдегі әкімдерге қатысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігіне жүктеледі.

Атап айтқанда Орталық атқарушы органдардың (Қазақстан Республикасының Қорғаныс, Сыртқы істер министрліктерін қоспағанда) басшыларына мынадай міндеттемелер енгізілді:

  • қандай да бір өңірде жетекшілік ететін салада жағдайдың нашарлау тәуекелдері болжанған не туындаған жағдайда, халықпен кестеден тыс кездесу өткізу;
  •  техникалық мүмкіндіктерді ескеріп, халықтың әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда пікір білдіру мүмкіндігін міндетті түрде бере отырып, онлайн-трансляциялар, сондай-ақ қажет болған жағдайда бейнеконференцбайланыс ұйымдастыру арқылы кездесулер өткізуді қамтамасыз ету;
  •  кездесу үшін жоспарланған уақыттың төрттен бірден аспайтын   бөлігін – баяндаманы таныстырып, уақыттың қалған бөлігін «сұрақ-жауап» форматында өткізу;
  •  кездесулер өткізудің барлық кезеңінде ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органмен тұрақты ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
  • халықпен кездесу өткізгеннен кейін айтылған барлық проблемалық мәселелерді жүйелеуді; кездесулер мен азаматтарды қабылдау аяқталған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей, кездесулердің қорытындылары туралы проблемалық мәселелерді шешудің нақты мерзімдерін, жауапты орындаушыларды көрсете отырып, оларды шешу жөніндегі іс-қимыл жоспарын бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде ресми интернет-ресурстарда орналастыру;

Жарлыққа сәйкес, орталық атқарушы органдардың басшылары (Қазақстан Республикасының Қорғаныс және Сыртқы істер министрліктерін қоспағанда) жыл бойына халықпен тұрақты кездесулер өткізіп, одан кейін отырыстардың қорытындылары туралы бұқаралық ақпарат құралдарына есеп беруі тиіс. 

Сондай-ақ, аталған органдар басшыларының халықпен кездесулерінің кестесін қалыптастыру мен бекітудің мынадай тәртібі бекітілді. Енді жыл сайын 1 желтоқсанға дейін орталық атқарушы органдар алдағы күнтізбелік жылға арналған кестені қалыптастыру үшін уәкілетті органға ұсыныстар жібереді. Ал жыл сайын 15 желтоқсанға дейін кестенің жобасын премьер-министрінің кеңсесіне енгізуі тиіс, 10 қаңтарға дейін үкімет кестені бекітеді.

Бұл қаулы алғашқы ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...