Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-8 C
Nur-Sultan
-1.1 C
Almaty
12.3 C
Shymkent

Қазақстанда 15 сәуірден бастап астық пен ұн экспортына шектеу енгізіледі

Танымал

Ел аузында

15 сәуірден бастап Қазақстан астық пен ұнның экспортына шектеу қояды. Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаровтың айтуынша, елдегі бар астық пен ұнның көлемі ішкі қажеттілікті өтеуге жетеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сапаров ішкі нарықтағы тапшылықты жою және ұн тартатын кәсіпорындарды жүктеу үшін шектеу шаралары қажет екенін айтты.

«2022 жылғы 1 сәуірде Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 15 сәуір мен 15 маусым аралығында бидай мен ұн экспортына квоталарды енгізу туралы шешім қабылдады. Бидайға арналған квотаның көлемі 1 миллион, ұнға 300 мың тонна», – деді Сапаров Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Бірінші вице-министр ішкі нарықтағы нақты жағдайды бағалау үшін министрлік Ұлттық статистика бюросымен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, өңірлердегі бидай қорын түгендеу жұмыстарын жүргізіп жатқанын айтты.

«7 сәуірдегі жағдай бойынша қорлар 118 мың тонна ұнды құрайды, оның ішінде тұрақтандыру қорларында 10 мың тонна, «айналым схемасы» шеңберінде 22 мың тонна, өндірушілерде 48 мың тонна, қоймаларда шамамен 20 мың тонна және сауда объектілерінде 18 мың тонна. Көрсетілген көлем ішкі қажеттілікті қамтамасыз ету үшін жеткілікті. Сонымен қатар, «Азық-түлік корпорациясының» ресурстарында 800 мың тоннадан астам астық бар, олар қажет болған жағдайда жағдайды тұрақтандыру үшін ішкі нарыққа жіберілетін болады», – деп толықтырды Айдарбек Сапаров.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...