Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-8 C
Nur-Sultan
-1.1 C
Almaty
12.3 C
Shymkent

Доллар бағамы түскеннен кейін азық-түлік арзандай ма: Сауда министрлігі жауап берді

Танымал

Ел аузында

Сауда және интеграция министрлігі доллар бағамы түскеннен кейін азық-түліктің төмендейтінін болжап отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сауда комитеті төрағасының орынбасары Айдар Әбілдабековтың айтуынша, наурыз айында доллар күрт көтерілгеннен кейін халық дүрлігіп қалды. Көбісі жаппай дүкенге жүгірді. Сұраныс бірден жоғарылады.

Содан сауда желілері де бағаны көтере бастады. Себебі сатып алынатын тауарлар қымбаттайды деп кауіптенді.

«Қазір доллар артқа қарай шегінді. Бірақ естеріңізде болса, доллар күрт өскенде бағалар бірден өскен жоқ қой. Меніңше, бәрі орнына келеді, баға да бірдіндеп төмендей бастайды», – деді Әбілдабеков орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, көтерме сауда желілері бағаны көтерсе, дүкендер де өз үстемесін қосады.

«Енді, біз заң бойынша кез келген дүкенге кіріп, тексеріс жасай алмаймыз. Өйткені мораторий бар. Бірақ қазір республика бойынша 114 базар тексеріліп жатыр. Соның ішінде «Алтын орда» базары да бар. Ол жерде тексеріс аяқталуға жақын. Сондықтан баға түседі деп ойлаймын. Қазіргі деңгейде тұра бермейді. Өйткені бәсекелестік баға түсіруге мәжбүр етеді», – деп атап көрсетті комитет басшысы.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...