Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-9 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
-1.7 C
Shymkent

Ақтөбе облысында бұрынғы департамент басшысы пара алғаны үшін сотталды

Танымал

Ел аузында

Ақтөбе облысында Экология департаментінің бұрынғы басшысы пара алғаны үшін сотталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәліметіне сілтеме жасап.

«Биыл 13 сәуірде Ақтөбе қаласының №2 сотының үкімі бойынша, облыстық Экология департаментінің бұрынғы басшысы Нұржан Аққұл айтарлықтай мөлшерде пара алу дерегі бойынша кінәлі деп танылып, 12 миллион теңге сомасында айыппұл төлеу жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар, экс-басшы мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды», – делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, Нұржан Аққұл былтыр 19 желтоқсанда Ақтөбе облысының Экология департаменті басшысы ретінде кәсіпкерлік субъекті директорынан 400 мың теңге сомасындағы пара алғаны үшін ұсталған. Параны бірінші санаттағы объектілер үшін эмиссиялардың қоршаған ортаға әсер етуіне рұқсат беруі және жалпы қамқорлық көрсетуі үшін алғаны айтылған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

За два дня врачи Медцентра УДП провели 16 сложных операций в области Жетысу

В области Жетысу продолжается медицинская акция «Дни Медицинского центра Управления делами Президента РК». Во второй день ведущие врачи Больницы...