Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-13 C
Nur-Sultan
-3.1 C
Almaty
8.3 C
Shymkent

Алматыда A-Parking басшылығы қандай күдікке ілінді?

Танымал

Ел аузында

Алматыдағы A-Parking басшыларына қатысты соталды тергеу басталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі өкілі айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Алматы қаласы бойынша Қаржы мониторингі агенттігінің аумақтық департаменті «Алматы тұрағы» (A-Parking) жобасына жауапты тұлғаларға қатысты аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен соталды тергеуді бастады», – делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, қаланың тергеу соты ЖШС басшысына екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған.

«ҚІЖК-нің 201-бабы бойынша өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жарияланбайды», – деп толықтырды агенттік өкілі.

Бұған дейін Алматыда A-parking ақылы автотұрақтар операторы саналатын Alan Parking компаниясының директоры Мұхтар Базарбаев қамауға алынғаны хабарланған болатын.

Былтыр желтоқсанда Қайрат Боранбаев иелік ететін RR2 компаниясы Alan Parking фирмасынан 30 пайыз үлес сатып алған. Бұған дейін ақылы автотұрақтардың операторы мемлекетке тиесілі болған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Мас халде көлік басқарған жүргізушіге сот үкімі шықты

Түркістан облысы ПД Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында түрлі іс-шараларды іске асырады. Мәселен, полиция күнделікті қызмет...