Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

25.8 C
Nur-Sultan
27.5 C
Almaty
32.1 C
Shymkent

Қорғаныс министрлігі Жеңіс күніне орай әскери парад неге өтпейтінін түсіндірді

Танымал

Ел аузында

Әскери парад өтпесе де, өңірлерде әскери-патриоттық іс-шаралар жоспарланған. Қорғаныс министрлігі биыл бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында Жеңіс күніне орай әскери парад өткізбейді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

«2022 жылы Қазақстанда бюджет қаражатын үнемдеуге және басқа да міндеттерді шешу қажеттілігіне байланысты әскери парад өткізу жоспарланып отырған жоқ», – делінген хабарламада.Атап айтқанда, министрлік Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығының қажетті деңгейін қолдауға, мемлекеттік және әскери нысандарды күзету мен қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларды орындауға басымдық беріп отыр.Бұған дейін Қазақстанда Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай әскери парад өтпейтіні хабарланды. Бірақ өңірлерде әскери-патриоттық іс-шаралар жоспарланған. Барлығы 50-ге жуық шара өтеді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного органа. В нем приняли участие помощник Президента по правовым вопросам...