Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

8 C
Nur-Sultan
13 C
Almaty
17.3 C
Shymkent

Нұр-Сұлтанда ауаны ластаушы заттар нормадан асып кеткен

Танымал

Ел аузында

Нұр-Сұлтанды қою түтін басты. Ауадағы ластаушы заттардың мөлшері шекті нормадан асып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап. 
Қазгидромет атмосфераның жағдайын бақылау үшін 10 стационарлық бекетте бақылау жүргізіп жатыр. Оның алтауы автоматты түрде жүзеге асырылса, қалғаны қолмен сынама алу әдісімен жасалады.

Ауадағы күкіртсутегі, азоттың оксиді мен диоксид мөлшері шамадан тыс көбейіп кеткен деген болжам бюар. Сондай-ақ түтіннің пайда болуына әсер еткен тағы бір жағдай болуы мүмкін.

NASA картасында 16-17 сәуірде Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында өрт ошағы байқалған. Елорда аспанын жапқан қалың тұманға бұның да қатысы бар деп топшылайды мамандар. Алдағы күндері елдің бас қаласында ауа райы тұрақсыз болады дейді Қазгидромет өкілдері.

“Алдағы күндері тұрақсыз ауа райы сақталады,жауыншашын басым болады. 18, 20, 21 сәуірде жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін. Түнде ауа температурасы 7 градусқа дейін біртіндеп жоғарылауы, күндіз 15-17 градустан 10- 12 градусқа дейін төмендеуі мүмкін”, – дейді «Қазгидромет»РМК баспасөз хатшысы Алина Ысмағұлова.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Илийском районе специалисты высокого класса провели прием населения

В Илийской центральной районной больнице, по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Тұрысбекұлы, организован прием для населения опытными...