Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
9 C
Almaty
18.3 C
Shymkent

Алма Мұқанова әділет вице-министрі болып тағайындалды

Танымал

Ел аузында

ҚР Үкіметінің қаулысымен Алма Мұқанова әділет вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы 18 сәуірде Қазақстан үкіметінің Telegram-каналында жазылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Алма Қайратқызы Мұқанова ҚР әділет вице-министрі лауазымына тағайындалды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Пан Наталья Виссарионовна басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР әділет вице-министрі қызметінен босатылады», – делінген хабарламада. 

Алма Мұқанова 1988 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық заң университетін, The University of Warwick (Ұлыбритания) тәмамдаған.

Еңбек жолын 2006 жылы «ҚазРуно» АҚ маманы болып бастаған.

2010-2012 жылдары – «Қазақ гуманитарлық заң университеті» АҚ маманы.

2012-2015 жылдары ҚР Әділет министрлігінің Заңнама департаментінің қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық атқару заңнамасы және қорғаныс саласындағы заңнама басқармасы сарапшысының м. а., сарапшысы, бас сарапшысы қызметтерін атқарды.

2015-2017 жылдары – ҚР Әділет министрлігінің Заңнама департаментінің экологиялық заңнама және өнеркәсіп пен көлік саласындағы заңнама басқармасының басшысы.

2017-2021 жылдары – ҚР Әділет министрлігінің Заңнама департаменті директорының орынбасары.

2021 жылғы мамыр айынан бастап қазірге дейін ҚР Әділет министрлігінің Заңнама департаментінің директоры қызметін атқарды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...