Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-6 C
Nur-Sultan
1 C
Almaty
4.3 C
Shymkent

Бақыт Шадаева: Димаштың дауысы қойылмаған, алысқа бармайды деп қорқамын

Танымал

Ел аузында

Әнші Бақыт Шадаева кезінде Димаш Құдайбергенге үлкен сахнаға жолдама бергенін мәлімдеді. Ол әлем таныған Димаштың дауысы қойылмағанын алға тартты. Бұл туралы Шадаева Жан Ахмадиевке берген сұхбатында айтты. 

Шадаева Құдайбергеннің талантын жоғары бағалайтынын атап өтті. Алайда техникалық тұрғыдан дауысы қойылмаған, деді.

«Әншілер көп, мектеп жоқ. Қойылым жоқ. Димаштың өзінде де қойылым жоқ. Құдай берген дауысы бар, бірақ, мектебі жоқ, дауысы қойылмаған. Өте талантты. Оған үлкен жолдаманы мен бердім. «Жас қанат» байқауында барлық қазылар: «Мұндай дауысты әншілер құрысын, кетсін» деген. Сол кезде мен: «Димаштан артық талантты адамды көріп тұрған жоқпын», – дедім. 
Бірақ дауысы қойылмаған адам алысқа бармайды деп қорқамын», – деді Шадаева.

Ол алдағы уақытта өнерлі балаларға арнап мектеп ашатынын хабарлады. Айта кетейік, осы сұхбатында Шадаева өнердегі әріптесі Сейфуллин Жолбарыспен неге араласпай кеткенін айтқан еді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түн тыныштығын бұзып, трассада ойқастаған 10-ға тарта жүргізушіні сақшылар жауапқа тартты

Түркістан облысы Жедел басқару орталығының бейнебақылау камерасын бақылап отырған полицейлердің назарына түнгі сағат 03:00 шамасында жүргізушілер тарапынан орын алған...