Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов биыл жаңа оқу жылынан бастап пилоттық режимде 2,5 жылдық бакалавриат енгізелітінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Министрдың айтуынша, көптеген жұмыс беруші кадрлардың өте ұзақ – төрт жыл бойы даярланатынына шағымданады. Сол себепті білім министрлігі пилоттық режимде «қолданбалы бакалаврларды» дайындай бастайды. Бірақ төрт жылдық бакалавриат сол күйі қалады.
«Біз мұны биыл жаңа оқу жылынан бастауды жоспарлап отырмыз. Бірқатар жоғары оқу орнында пилоттық жоба болады. Әзірге елорда мен Алматы қалаларының жоғары оқу орындарына енгіземіз», – деді Аймағамбетов үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.
Бұл ретте министр «қолданбалы бакалавриат» еңбек нарығына не беретінін түсіндірді.
«Қысқа уақыт ішінде, яғни 2-2,5 жыл ішінде практикаға бағдарланған маман еңбек нарығына шығады. Егер ол екі немесе бес жылдан кейін білімін шыңдап, әрі қарай оқығысы келсе, университетке барып, толық бакалавр дәрежесін алуға мүмкіндігі бар. Университетке түсіп, әрі қарай оқуын жалғастыра алады», – деді Аймағамбетов.