Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

1 C
Nur-Sultan
10 C
Almaty
13.3 C
Shymkent

Қазақстанның Украинадағы елшілігі екі қалада жұмыс істейтін болады

Танымал

Ел аузында

Қазақстанның Украинадағы елшілігінің екі қызметкері әскери атташе мен кезекші комендант қазір Киевте қалды. Елші Дархан Кәлетаев екі қалада – Киев пен Львовта тұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

«Жақында елші Дархан Кәлетаев консультациялар өткізу үшін Қазақстанда болды, оның нәтижесінде осы кезеңде екі қызметкерді – әскери атташе мен кезекші комендантты тұрақты орналастыру үшін Киевке оралу туралы шешім қабылданды. Елші мен басқа да қызметкерлер жұмысқа шығады. Олар Львов пен Киев арасында жұмыс жасайды. Өйткені Киевтегі біздің елшіліктің кеңсе ғимараты қажетті жұмысқа және консулдық қызметтерді көрсетуге бейімделген, сонымен қатар құжат айналымы және т.б. үшін барлық қажетті техникалық коммуникациялар бар», – деді Смадияров.

Сондай-ақ Львовта болу қазақстандықтар мен қандастарды эвакуациялаудың жүріп жатқан үдерісімен, соның ішінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерімен түсіндіріледі.

“Қазақстан елшілігін Киевке толық қайтару туралы соңғы шешімді елшінің ұсынысы бойынша сыртқы істер министрі қабылдайды”, – деп қосты Смадияров.

Наурыз айында Қазақстанның Украинадағы елшілігі Львов қаласына уақытша көшірілгенін білесіздер. Бұл ретте екі қызметкер Қазақстанның Польша мен Молдовадағы елшіліктерінде уақытша жұмыс істейді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістан облысының тұрғындары полицияға 180 бірліктен астам тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсырды

Атыс қаруын қолдану арқылы жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу аясында Түркістан облысында тұрғындардан тіркелмеген қаруды сатып алу...