Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

6 C
Nur-Sultan
17 C
Almaty
17.3 C
Shymkent

«Z» – трагедияның символы»: Ресей саясаткерлері басқаша сөйлей бастады (ВИДЕО)

Танымал

Ел аузында

Бұл – біздің ел үшін қасірет.

Ресейдің Тәуелсіз мемлекеттер достастығы, шетелде тұратын отандастар және халықаралық гуманитарлық ынтымақтастық істері жөніндегі федералды агенттігі (Росынтымақтастық) жетекшісінің орынбасары Наталья Полонская «Z» белгісіне қатысты ойын айтты деп хабарлады turkystan.kz NEXTA Live Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Ол ресейлік ақпарат құралдары өкілдеріне берген сұхбатында: «Z» белгісі қайғы мен қасіреттің символына айналып отыр. Өйткені қарулы қақтығыста орыс сарбаздары қаза тауып жатыр. Олардың ата-аналары нешетүрлі хабар алып, не істерлерін білмей отыр. Бұл – біздің ел үшін қасірет. Қорғаныс министрлігі қарулы қақтығыста қаза тапқандар мен жараланған адамдардың санын айтып жатыр. Бұл қуаныш па? Жоқ, қуаныш емес», – деді.

Сұхбаттың соңында журналисттің «Сіз үшін не маңызды? Ресейдің Украинадағы «ұлтшылдықты» жеңуі ме, әлде адамның өмірі ме?» деген сұрағына «Мен үшін адамның өмірі маңызды» деп жауап берді.

Наталья Полонская кезінде Ресейдің Украинадан басып алған Қырым Республикасының бұрынғы Бас прокуроры, Мемлекеттік Думаның депутаты болған. Ол тағы халық арасында «Няш-мыш» деген лақап атымен белгілі.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Илийском районе специалисты высокого класса провели прием населения

В Илийской центральной районной больнице, по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Тұрысбекұлы, организован прием для населения опытными...