Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-12 C
Nur-Sultan
-3.1 C
Almaty
7.3 C
Shymkent

Қаңтар оқиғасы кезінде оқ тиген балаларға 97 миллион теңге көмек берілді

Танымал

Ел аузында

«Қазақстан халқына» қоры қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен азаматтарға ақшалай төлемдерді аударуды жалғастырып жатыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоға сілтеме жасап.

Қорға қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен азаматтардың нақтыланған тізімі келіп түскен. 

«Қор қайтыс болған 13 азаматтың отбасы мүшелеріне ақшалай төлемдер жіберді, олардың жазатайым құрбан екенін құзырлы орган растады.

Сондай-ақ, қаңтар оқиғасы кезінде ауыр жарақат алған  2 баланың ата-анасына ақшалай көмек көрсетілді. Бір бала оқ жауған көлікте отбасымен бірге, ал екінші бала оқ атылған көлікте әкесімен бірге болған. Төлемдер зардап шеккен балалар туралы мәліметтер түскеннен кейін жүргізілді. Бұл санаттағы жәбірленушілерге жолданған жалпы төлем сомасы 97 миллион ​​теңге», – делінген хабарламада.

Осыған дейін қаза тапқандардың отбасыларына 7 миллион теңгеден төленген.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Мас халде көлік басқарған жүргізушіге сот үкімі шықты

Түркістан облысы ПД Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында түрлі іс-шараларды іске асырады. Мәселен, полиция күнделікті қызмет...