Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-2 C
Nur-Sultan
12 C
Almaty
15.3 C
Shymkent

Қазақстандық колледждерде сырттай оқуға болатын мамандықтар тізімі қысқарды

Танымал

Ел аузында

Білім және ғылым министрлігі еліміздегі колледждерде сырттай оқуға арналған біліктілік тізімін айтарлықтай қысқартты. Енді студенттер 53 біліктілік бойынша білім ала алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Салыстырмалы түрде айтар болсақ, екі жылдан астам уақыт бұрын 595 біліктілік бойынша сырттай білім алуға болатын. Бірақ оқытудың бұл түрі студенттерге сапалы дағдыларды бермейтіндіктен, министрлік оларды қысқарту бойынша кезең-кезеңімен жұмыс жүргізді. Бұл жолы сырттай оқу «Құқық», «Білім беру», «Сервис, экономика және басқару» және басқа да кадрларды даярлау бейіндері бойынша алынып тасталды.

«Бүгінгі таңда техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы кадрларды даярлауға қойылатын талаптарды еңбек нарығы мен жұмыс берушілер белгілейді. Ол үшін біз сырттай оқу түрінен бас тартып жатырмыз. Сондай-ақ мұндай шешімді қабылдауға түлектердің оқуды бітіргеннен кейін алатын білім мен дағдыларының жеткіліксіз сапасы себеп болды. Колледждер студенттерге жұмыс орнында білім алуға мүмкіндік беретін ірі кәсіпорындармен және бизнеспен тығыз байланыста жұмыс істейді. Яғни бұл оқытудың дуалды формасы. Бұл бүгіннің өзінде білім сапасына оң әсерін тигізіп келеді. Сырттай оқыту тізімінен талап етілмеген біліктіліктер, оның ішінде дайындық сәйкестігін ескере отырып, біреуіне біріктірілгендер алынып тасталды. Жалпы біз қысқарту жұмыстарын әрі қарай жалғастырамыз», – деп атап өтті ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

18 наурыз – «Ұлттық киім күні» №76 бөбекжай балабақша бүлдіршіндері ұлттық киіммен «Қара жорға» биін биледі

2025 жылдың 18 наурызында Қазақстанның 76 балабақшасының бүлдіршіндері Ұлттық киім күніне арналған мерекелік іс-шараға қатысты. Бұл күні балалар өздерінің...