Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-5 C
Nur-Sultan
7 C
Almaty
14.3 C
Shymkent

Нені дамытып жатқанымыз түсініксіз: Депутат ауылды дамыту бағдарламасын сынға алды

Танымал

Ел аузында

Бүгін ел үшін маңызды мәселе қаралып отыр. «Ауыл – ел бесігі» – атауы керемет бағдарлама. Бастапқыда жоспар жақсы болған. Бүгін депутаттар маңызды, күрделі сұрақтар қойды. Бірақ Үкімет мүшелері жауапқа дайын болмаған сияқты. Жауаптарға қанағаттанған жоқпыз, – деді депутат Мәжілісте.

Ол өз тарапынан 2-3 мәселе қозғағысы келетінін айтты.

Ұлттық экономика министрлігі соңғы жылдары тек бюджеттің толтырылуымен, бюджеттен жіберіліп жатқан бюджетті бақылаумен айналысып кеткендей. Ұлттық экономика министрлігі тек жалпы экономикамен емес, сонымен қатар ауылдың экономикасымен де айналысуы керек. БАҚ-тан көріп отырғанымыздай, ауылдарға тек министр Қарашөкеев (АШМ басшысы – ред.) барады. Басқа министрлерді көріп отырғанымыз жоқ. Яғни ауылға барып, проблеманы ауылдықтармен бірге ақылдасып, шешу үшін жұмыс істеп отырған министрлерді көріп отырғанымыз жоқ, – деді ол.

Әміреев бұл тек әкімдердің ғана жұмысы емес екенін түсіндірді. Әкімдер инвестиция тартып, ұсыныс береді. Алайда «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы не үшін қажет? Әрине, халықтың жағдайын көтеру үшін керек.

Біріншіден, бұл бағдарламаға көзқарасты өзгерту керек. Бөлек бағдарлама болғаны дұрыс. Екіншіден, барлық министр, қажет болса, жиналыстарын ауылға барып өзкізсін. Ол жақта да жағдай бар, мәдениет үйлері бар. Бүгінгі күні ауылдарда тек 3 ғана нысан бар: мектеп, мәдениет үйі және медициналық пункт. Болды басқа ештеңе жоқ. Осылардың кез келгеніне барып, министрлерге жиналыс өткізуге болады. Үшінші мәселе – балабақша мәселесі. Ауылдардағы балабақшаларды қаржыландыруды тоқтатпау керек. Одан бөлек, балабақшалардағы жан басына шаққандағы қаржыландыру дұрыс орындалып отырған жоқ. Оны бақылап отырған ешкім жоқ. Бұл жұмыс Білім және ғылым министрлігіне жүктелген, бірақ мәселе шешіліп жатқан жоқ, – деп айтты Ғалым Әміреев.

Депутат ауыл тұрғындары соңғы кезде балабақша мәселесін жиі көтеріп жүргендерін айтты.

Инвестиция тарту тек Үкіметтің, әкімдердің жұмысы емес. Бізде қаншама жүйе құраушы, жер қойнауын пайдаланушы деген компаниялар бар. Ауылдық жерлерде орналасқан «Самұрық-Қазынаның» да еншілес компаниялары бар. Бірақ ауылмен ешқандай жұмысы жоқ. Олар ол жақта не істеп жатыр? Жылда миллиардтаған пайда тауып жатыр. Осыдан 30-50 жыл бұрынғы жүйеге жете алмай отырмыз. Нені дамытып жатырмыз? Түсініксіз, – деп айтты Мәжіліс депутаты.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...