Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

22.8 C
Nur-Sultan
21 C
Almaty
25.8 C
Shymkent

Атышулы Байзақова бейтаныс адамдарға ауызашар бермек

Танымал

Ел аузында

Биыл алғаш рет ораза ұстап, тура жолға бет бұрған Айжан Байзақова бейтаныс адамдарға ауызашар бермек. Ол желідегі оқырмандарының арасынан 10 адамды таңдап, оларға дастархан жаймақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Өзімнің жақындарым мен достарыма бірнеше рет ауызашар бердім, бұл жолы сіздерге арнап жасағым келеді», –  деп бөлісті блогер.

Байзақова биыл алғаш рет ораза ұстағанын, осы орайда қатты өзгергенін айтқан еді. Блогер рухани өзгерістері турасында оқырмандарымен әңгімелескісі келеді. Тегін ауызашарға қатысқысы келетін жандар көп болғандықтан, Айжан меймандарының тізімін өзі таңдамақ. Ол үшін Айжанмен ауызашарға барғысы келген адам блогердің парақшасында өзі жайлы мәліметтер қалдыруы керек.

«Ешқандай қатаң талап жоқ. Хикаясы қызықтырған оқырмандарды таңдаймын. Кездескенше, бұзықтар», –  дейді Байзақова. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

АБАЙ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНА ЖАҢА ҒИМАРАТ БЕРІЛДІ

Семейде Абай облыстық сотының төрт қабатты жаңа ғимаратының салтанатты ашылуы өтті. 2023 жылы күзде Абай еліне арнайы келген Жоғарғы Сот...