БҰҰ: Украинадан 8,3 миллион тұрғын кетуі мүмкін

Танымал

Ел аузында

Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі агенттігі (БҰҰ БЖКБ) 2022 жылы Украинадан шамамен 8,3 миллион адам кетеді деп болжады.

Соңғы екі айда 12,7 миллионнан астам адам үйлерін тастап кетті, оның ішінде 7,7 миллион ел ішіндегі босқындар және 5 миллионнан астам адам шекарадан қашып кетті, деп хабарлады БҰҰ БЖКБ өкілі Шабиа Манту.

«Біз соңғы уақытта дағдарыстың мұндай ауқымын, елден қашқан адамдардың мұндай өсімін көрмедік», – деді Манту.

Айтуынша, мұндай үлкен босқын дағдарысы бұрын Сирияда ғана болға. Сириядан 6,8 миллионнан астам адам қашып кеткен.

Жағдай Украинада, сондай-ақ көршілес елдерде гуманитарлық апаттың туындау қаупін төндіреді, деп атап өтті ұйым.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

HONOR компаниясы Cannes Film Festival аясындағы China Night кешінде мобильді түсірілімнің жаңа мүмкіндіктерін таныстырды

ARRI компаниясымен стратегиялық техникалық серіктестік негізінде жасалған құрылғы 2026 жылдың үшінші тоқсанында ресми түрде таныстырылады HONOR компаниясы 79-шы Cannes Film...