Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Танымал

Ел аузында

Қазгидромет 28, 29 және 30 сәуірдегі ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, сәуірдің аяғында Қазақстанның батыс өңірлеріне Ақ теңізден келген циклон әсер етеді.

«Содан кейін ол шығыс бағытқа ауысып, елдің солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарына да әсер етеді. Республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады. Сонымен қатар, 30 сәуірде республиканың батысында қатты жаңбыр жауады», – делінген хабарламада.

Алдағы үш тәулікте республиканың оңтүстік жартысына оңтүстік циклон әсер етеді, ал 30 сәуірде ол Қазақстанның басым бөлігін қамтиды.

«Сондықтан бұршақ жауып, дауыл тұрады. Қазақстан аумағында жел секундына 15-20 метрге, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшейеді. Сондай-ақ, батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте ауа температурасы біртіндеп төмендеп, елдің қалған аумағында жоғарылауы мүмкін», – делінген хабарламада.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Вкус Вьетнама в Алматы: гастрономическая неделя в Vista превратила город в Юго-Восточную Азию

В ресторане Vista Restaurant отеля The Ritz-Carlton, Almaty проходит редкое для города событие — гастрономическая неделя «Очарование Вьетнама», где...