Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-13 C
Nur-Sultan
-3.1 C
Almaty
8.3 C
Shymkent

Қаңтар оқиғалары: Алматыда көлігі бүлінгендерге 258 миллион теңге төленді

Танымал

Ел аузында

Алматы әкімдігі қаңтар оқиғалары кезінде бүлінген көлік иелеріне 258 миллион теңге төледі, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала басапасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласы аудандарының әкімдіктеріне автокөлік иелерінен келтірілген залалды өтеу туралы 99 өтініш түскені хабарланды. Жеке тұлғаларға келтірілген шығынды өтеу тетігіне сәйкес (Үкіметтің 2013 жылғы 28 тамыздағы №877 қаулысымен бекітілген Терроризм актісі салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеу қағидалары бойынша) жалпы сомасы 258 миллион теңгеге 54 өтінім қанағаттандырылды (Алмалы ауданы – 33, Әуезов ауданы – 9, Түрксіб ауданы – 12).

«Аудан әкімдіктерінің қарауында бүлінген және жанып кеткен автокөліктер жөнінде   тағы 45 өтінім бар (Бостандық ауданы – 40, Медеу ауданы – 5). Олар бойынша төлемдерді биыл 15 мамырға дейінгі мерзімде жүргізу жоспарланып отыр. Қосымша өтінімдердің түсуіне қарай Алматының аудандық әкімдіктері осы бағыттағы жұмысты жалғастыратын болады», – деді әкімдік өкілдері.

Өтініштерді аудандық әкімдіктер түскен күннен бастап 1 ай ішінде қарайды. Мүлікке келтірілген залалды бағалау өтініш тіркелген күннен бастап 7 күн мерзім белгіленеді және зардап шегушінің  өзі  таңдаған тәуелсіз сарапшылар жүргізеді. Бағалау бойынша шығыстарды жүргізу аудандық әкімдіктер тұлғасындағы мемлекеттік органдарға жүктелген.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Мас халде көлік басқарған жүргізушіге сот үкімі шықты

Түркістан облысы ПД Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында түрлі іс-шараларды іске асырады. Мәселен, полиция күнделікті қызмет...