Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-6 C
Nur-Sultan
-6.1 C
Almaty
-1.7 C
Shymkent

Қайрат Құдайберген тергеу изоляторында өзіне қысым көрсетілгенін мәлімдеді

Танымал

Ел аузында

Алматы мәслихатының депутаты, кәсіпкер Қайрат Құдайбергенге тергеу изоляторында қысым көрсетілген. Бұл туралы қорғаушысы Мұрат Амитов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Қорғалушым Қайрат Құдайбергенге барған кезде ол Бас прокуратураның ведомствоаралық жедел-тергеу тобының қызметкері келіп, өзіне моральдық және психилогиялық қысым көрсеткенін, ар-намысын аяққа таптағанын айтты. Бұл қызметкер менің қорғалушыма сес көрсетіп, қажетті түсініктеме бермесе, Қайраттың ұзаққа қамалатынын айтқан», – деп жазды қорғаушы Амитов әлеуметтік желіде. 

Қайраттың қорғаушылары тиісті құзырлы органдарға шағым түсіретінін мәлімдеді. 

Алматы прокуратурасында Құдайбергенге қатысты тергеу шараларының қылмыстық-процесвуалдық заңнама аясында жүріп жатқанын айтты. 

«Мұнымен қоса аталған деректер тексеріліп, құқықтық бағасы беріледі», – деп түсіндірді прокуратурадағылар. 

Айта кетейік, 22 сәуірде Қайрат Құдайбергеннің қамауға алынғаны белгілі болған еді. Депутатқа Қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды және оған қатысты (ҚР ҚК 272-бабының 1 және 2-бөлігі) деген айып тағылған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

За два дня врачи Медцентра УДП провели 16 сложных операций в области Жетысу

В области Жетысу продолжается медицинская акция «Дни Медицинского центра Управления делами Президента РК». Во второй день ведущие врачи Больницы...