Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Танымал

Ел аузында

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Сіздерді барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Ораза айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Отыз күндік оразадан кейін келетін бұл мерекені халқымыз қашанда ерекше сезіммен, зор қуанышпен қарсы алады. Рухани тазаруға және кемелденуге бастайтын Рамазан айын ұлықтап, бір-біріне ізгі тілектерін арнайды.

Ораза айт әр мұсылманның жүрегіне имандылық нұрын себеді. Жұртты жақсылық жасауға, қанағатшыл, қайырымды және кешірімді болуға үндейді. Біз халқымыздың осындай бірегей қасиеттерінің арқасында бірлігімізді бекемдеп келеміз.

Исламның асыл құндылықтары Жаңа Қазақстанның да руханиятын өркендетуге септігін тигізері сөзсіз.

Айт қабыл болсын!

Баршаңызға мықты денсаулық, бақ-береке тілеймін!

Айттан айтқа аман-есен жете берейік!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын», – делінген президент хабарламасында.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Розовый октябрь»: в области Жетісу проходят мероприятия по раннему выявлению рака молочной железы

Специалисты Областной многопрофильной клиники области Жетісу в рамках месячника «Розовый октябрь» усилили работу по профилактике рака молочной железы и...