Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-2 C
Nur-Sultan
12 C
Almaty
15.3 C
Shymkent

Ресей әскері «Азовстальға» шабуылын бастады

Танымал

Ел аузында

Ресей әскері «Азовсталь» зауытына шабуылды бастады. Бұл туралы «Украинская правда» басылымына «Азов» полкі командирінің орынбасары Святослав Паламар мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Түні бойы әуе бомбаларымен атқылады, екі бейбіт әйел қаза тапты, қазір «Азовсталь» зауытына шабуылдап жатыр», – деді Паламар 3 мамырда.

Оның айтуынша, ресейлік әскерилер зауыт аумағына басып кіруге әрекеттеніп жатыр.

«Президентке Мариупольдегі жағдай туралы хабарланып отырғанын білеміз және ол бәрінен хабардар. Сондықтан, одан шұғыл шаралар күтеміз, өйткені жағдай өте қиын», – деді украиналық жауынгерлер басылымға.

Ресей Қорғаныс министрлігі зауыт аймағында ұрыс қайта басталғанын растады. Ведомствоның баспасөз қызметі өкілі Вадим Астафьев «Азов» жауынгерлері мен украин әскері атыс позицияларына кіру үшін «Азовстальдағы» тыныштық режимін пайдаланғанын мәлімдеді.

«Олар жертөлелерден шығып, зауыт аумағында және ғимараттарда атыс позицияларына тұрды. Қазір Ресей армиясы мен ДХР бөлімшелері артиллерия мен авиацияны пайдалана отырып, бұл атыс позицияларын жоюға кірісті», – деді Қорғаныс министрлігі өкілі РИА Новостиге.

Бұл уақытта «Азов» жауынгерлерінің туыстары Киевтің орталығында шеру өткізіп, халықаралық қауымдастық пен әлемдік көшбасшыларды отбасыларын «Азовсталь» аумағынан шығаруды қамтамасыз етуге шақырды. Бұрын «Азов батальоны» деген атпен белгілі болған «Азов» арнайы күштері отрядын Мәскеу нацистік элемент деп санайды.

Мариуполь мэрінің кеңесшісі Петр Андрющенко Telegram-арнасында «Азовстальға» жасалған шабуыл туралы ақпаратты растап, шабуылдың видеосын көрсетті.

Зауыт басшылығы «Азовсталь» аумағындағы бес бомба қоймасы ядролық оқтұмсық соққысына төтеп бере алады деп сендірді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

18 наурыз – «Ұлттық киім күні» №76 бөбекжай балабақша бүлдіршіндері ұлттық киіммен «Қара жорға» биін биледі

2025 жылдың 18 наурызында Қазақстанның 76 балабақшасының бүлдіршіндері Ұлттық киім күніне арналған мерекелік іс-шараға қатысты. Бұл күні балалар өздерінің...