Мәжілістің жаңа депутаты Зәкіржан Күзиев ант берді

Танымал

Ел аузында

Мәжілістің жалпы отырысында жаңа депутат Зәкіржан Күзиев ант берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов жаңа депутатты таныстырды.

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарын бұлжытпай орындауға, маған жүктелген депутаттық жоғары міндеттерді адал атқаруға ант етемін», – деді Күзиев.

Мәжіліс депутаты Зәкіржан Күзиев Эономикалық реформа және өңірлік даму комитетіне дауыс беру арқылы сайланды.

Сондай-ақ, депутаттар Мәжіліс депутаты Айдос Сарымды Әлеуметтік-мәдени даму комитетінен Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне ауыстыруды бірауыздан қолдады.

Еске салайық, Закиржан Кузиев 2022 жылы 28 сәуірде ҚХА атынан Мәжіліс депутаты болып сайланған болатын.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Абай университетінде педагогикалық практиканың нәтижесі қорытындыланды

Бүгін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Теориядан тәжірибеге: болашақ мұғалімдердің педагогикалық практика нәтижелері» атты бітіруші курс білім алушыларының...