Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-12 C
Nur-Sultan
4 C
Almaty
13.3 C
Shymkent

Елімізде қант қосылған сусындар қымбаттайды

Танымал

Ел аузында

Қазақстанда алкогольсіз сусындар мен шырындар қымбаттайды. Өндірушілер ассоциациясы алдағы уақытта бағаны қайта қарамақшы. Олар өз өнімдерінің құнын қанттың қымбаттауына байланысты өсірмекші, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

«Өндірушілер өз өнімдерінің бағасын ұстап тұруға тырысуда. Алайда бұл ұзаққа созыла алмайды, себебі негізгі ингредиент – қанттың бағасы өсіп жатыр. Сәйкесінше өндірушілер де тауарларын қымбаттатуға мәжбүр. Шамамен 7-20% аралығында деп ойлаймын. Қазір өндірушілердің көп бөлігі шығынды оңтайландыру жолдарын іздеп жатыр. Сонымен қатар жұмысшылар санын қысқарту да бар», – деді Алкогольсіз ішімдік өндірушілері ассоциациясының президенті Әлия Мамытбаева. 

Қант соңғы үш айда айтарлықтай қымбаттай түскен. EnergyProm сарапшыларының мәліметінше, тек наурыз айында баға 33%-ға, бір жылда екі есеге өскен. 

Көктемнің басында ең қымбат қант Нұр-Сұлтанда сатылған. Мұнда тұтынушылар бір келісі үшін 450 теңге төлеген. Кейінгі орынға Алматы мен Қостанай орналасты. Ал ең арзан қант Тараз қаласында болды. 

Қазір Алматыдағы азық-түлік дүкендерінде қант 500-650 теңгеге сатылып жатыр. Шақпақ қанттың бір қаптамасының құны 1 000 теңгеге дейін жетеді. Сондай-ақ елде қант өндірісі де қысқарған. Отандық зауыттар қаңтар мен наурыз айларының аралығында 51 мың тонна қант өндірген. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 20%-ға аз. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...