Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

2 C
Nur-Sultan
6 C
Almaty
19.3 C
Shymkent

Сенат Қазақстан бюджетіне түзетулерді қабылдады

Танымал

Ел аузында

Сенат депутаттары «Ұлттық қордан 2022-2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заңды және 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджетке түзетулерді қабылдады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Түзетілген макроэкономикалық болжам негізінде бюджет кірістерінің болжамы нақтыланды. 2022 жылы республикалық бюджет кірістері 10,2 триллион теңгеге бағаланып отыр, бұл бекітілген жоспардан 955 миллиард теңгеге жоғары. Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт көлемі 4 030 миллиард теңгеге дейін немесе 1 630 миллиард теңгеге ұлғайтылады. Қаражат Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға бағытталады. Республикалық бюджет шығыстарын нақтыланған көлемге қатысты 2,7 триллион теңгеге ұлғайта отырып, 18,8 триллион теңге сомасында анықтау ұсынылды», – деді ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров палата отырысында.

Депутаттар бірауыздан дауыс берді.

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев реформалардың басты мақсаты экономикалық өсу, ұлттық байлықты әділ бөлу және қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін қажетті жағдайлар жасау екенін атап өтті. Бұл ретте, Әшімбаевтың айтуынша, бөлінген қаражат пен атқарылып жатқан жұмыстар нақты нәтиже беруі маңызды.

«Республикалық бюджеттің әрбір теңгесі бөлініп, тиімді жұмсалуы керек. Ұлттық қордың қаражатын дұрыс пайдалану керек», – деп қосты Мәулен Әшімбаев.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Жизни более 100 человек помогли сегодня спасти жители города Конаев

Сдать кровь – это доброе дело особой категории, которое поможет кому-то вылечиться, кому-то спасет жизнь, сделать его может каждый,...