Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
7.3 C
Shymkent

Қазақстағы 65 мектептен түрлі заң бұзушылықтар анықталды – Білім және ғылым министрлігі

Танымал

Ел аузында

«Балаға лайық» мектеп дәретханалары мен асханаларын қадағалау акциясының бірінші аптасында қазақстандықтар 65 нысандағы сәйкессіздіктер туралы хабарланды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министрлік өкілі акцияның алғашқы аптасында түскен хабарламалардың басым бөлігін Түркістан, Алматы және Қарағанды облысының тұрғындары жібергенін айтты.

«Бірінші аптада WhatsApp және Telegram арналарымызға 65 нысан бойынша 400-ден астам хабарлама, фото және бейнематериалдар келіп түсті. Өтініштердің басым бөлігі Түркістан, Алматы және Қарағанды облыстарының тұрғындарынан. Оқушылар мен ата-аналар сәйкессіздіктер туралы ақпаратты белсенді түрде жіберіп жатыр. Колледждер мен университеттердің студенттері хабарлама жолдаған», – дейді Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Элина Паули.

Тұрғындар гигиеналық құралдардың, жуынатын бөлмелерде қалқалардың болмауы, жылы дәретханалардың жоқтығы, салқын немесе дәмсіз тағамдар және басқалары туралы хабарлаған. 

«Сонымен қатар олар үлгілі, талапқа сай келетін нысандар туралы ақпарат жіберіп жатқаны қуантады. Айта кетейік, акция мектеп әкімшілігін жазалау мақсатында емес, жағдайды бірлесіп жақсарту мақсатында өткізіледі. Мектептерді қаржыландыру әкімдіктердің құзырында болғандықтан, ақпараттарды соларға жібереміз. Бүгінгі күні барлық ескертуді жою бойынша аймақтармен қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр», – деп қосты ол. 

Айта кетейік, бұған дейін елімізде “Балаға лайық” акциясының басталғаны туралы хабарлаған едік. Акция «Мектептің жақсаруына көмектес!» ұранымен өтіп жатыр.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...