Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-13 C
Nur-Sultan
-4.1 C
Almaty
6.3 C
Shymkent

Қызылордада 400-ге жуық түлектің дипломдары жарамсыз болып қалған

Танымал

Ел аузында

Қызылордадағы Ақмешіт институтын былтыр тәмамдаған 400-дей түлек бір жылдан бері жарамсыз дипломмен жүр. Түлектердің жылдан астам сығаламаған есігі, көмек сұрамаған мекемесі қалмаған. Ал жоғары оқу орнының басшылары «дипломдарыңды әне-міне заңдастырамыз» деп, тек алдаумен келеді дейді түлектер. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме беріп хабарлайды.

Түлек Аида Асқар, видеодан скришот

Түлектер «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтын былтыр тәмамдаса да, оқу орнының ғимаратына қайта-қайта келуден шаршадық дейді. Білім ордасының бізге берген дипломы далада қалдырды деп ашулы. Өйткені осында білім алған 399 студент әлі күнге 4 жылғы оқуының жемісін көре алмай жүр. 

“Мен уже ауылдан келе-келе шаршадым. Мен өзімнің қалтамнан төлесем екен осы ақшаны. Әке-шешемнің ақшасы болғаннан кейін үмітін ақтасам екен деймін әйтеуір жұмыс істеп”, – дейді түлек Аида Асқар.

Институттың былтыр берген дипломдарында сәйкестендіру коды болмағандықтан жарамсыз болып қалған. Ал бітіруші түлектер бұл мәселені шешуге оқу орны асығар емес дейді. Сондықтан енді білім ордасын сотқа бергеннен басқа амалымыз қалмады деп отыр.

“Біздің енді қаншама уақытымыз кетті. Ақшамыз кетті, күйзеліс болды. Өтірік емес, 399 түлектің бәрі осы үшін зар жылап жүр”, – дейді түлектің бірі Шолпан Қарамырзаева.

Бұған дейін Білім және ғылым министрлігіндегілер институттағы ұстаздардың білім деңгейі талапқа сәйкес келмегендіктен лицензиясын алдық деген болатын. Сондықтан 2021 жылы оқуды аяқтаған студенттердің дипломдары заңдастырылмайтынын да айтқан. Алайда ректор оқу орнының 2009 жылдан бері лицензиясы бар дейді. Дипломдардың жарамсыз болып қалуына тек QR кодының жазылмағандығы ғана себеп деп отыр. Сондықтан министрліктің үстінен Бас прокуратураға шағым түсіріпті.

“Дипломдарының берілген уақытында институттың аккредитациясының болғандығы, яғни біздің институттың барлық заңға сәйкес жұмыс жасағандығымыз туралы нақтыланып, шешім шығарылды. Білім және ғылым министрлігіне Бас прокуратура хат жолдаған. Онда осы дипломдарды заңдастырып беруге тапсырма берілді”, – дейді «Ақмешіт» гуманитралық-техникалық институтының ректоры Ерлан Шынбергенов.

Ректор енді тек министрліктің дипломдарды жарамды ету туралы шешімін ғана күтіп отырмыз дейді. Ал Білім және ғылым министрлігіндегілер бұл мәселені Бас прокуратурамен бірлесіп қарап жатқандарын жеткізді. Бірақ одан артық ақпарат бермеді. Ал «далада қалдық» деп сан соққан түлектер мәселе шешілмесе, оқу ақымызды қайтарып берсін деп талап қойып отыр.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...