Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

19 C
Nur-Sultan
26 C
Almaty
31.3 C
Shymkent

Мәдениет министрлігі Сурдлимпиада комитетін сотқа береді

Танымал

Ел аузында

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Ұлттық құрамасының Сурдлимпиададағы ойынына қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бразилияда өтіп жатқан жазғы Сурдлимпиадаға Ұлттық құрама командасынан сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша 59 спортшы  қатысып жатқаны белгілі.

Министрліктің мәліметінше, ҚР Ұлттық Сурдлимпиада комитеті ҚР Занамасына қарамастан, өз тараптарынан жариялап бірқатар спортшыларды, оның ішінде Қанафин Еркебұланды жарысқа апарған.

«Қанафин Еркебұлан бұрын – соңды есту қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы ресми жарыстарға қатыспаған. Қазақстан Республикасы Ұлттық құрама командасының мүшесі емес және дене мүмкіндіктері шектеулі жандарға арналған спорт ұйымдарында тіркелмеген. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде аудиограмма нәтижелері және жалпы спортшының денсаулық жағдайы туралы ақпарат жоқ.

Бұған қарамастан Ұлттық Сурдлимпиадалық комитет Е.Канафинді өз есебінен жарысқа жіберіп, Қазақстанның беделіне әлемдік спорт қоғамдастығының алдында нұқсан келтірді және спорттық этикалық қағидаларды бұзды», – делінген хабарламада.

Мәдениет және спорт министрлігі Ұлттық құрама команданың тізімін қалыптастыру кезінде 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сурдо дзюдодан Қазақстан Республикасы Чемпионатының қорытындысы бойынша ел чемпионы Айдос Түгелбаевты енгізгенін айтты.

Министрлік Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің үстінен арнайы сот органдарына шағым түсіретінін ресми түрде мәлімдеді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Волонтёры Алматы провели субботник в рамках акции «Таза Қазақстан»

В Алматы прошёл масштабный субботник, организованный в рамках республиканской экологической акции «Таза Қазақстан». Молодые волонтёры вышли на улицы города,...