Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

9 C
Nur-Sultan
6 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

Қызылорда, Маңғыстау облыстарын құрғақшылық күтіп тұр – Синоптиктер

Танымал

Ел аузында

«Қазгидромет» мамандарының болжамынша, мамыр айында жауын-шашын аз болады. Алайда құрғақшылықтың зардабын тартпайтын өңірлер де бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.  

Қатты қуаңшылық Қызылорда облысының Қармақшы және Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданында күтіледі. Мамандар айдың аяғына дейін ауа райының қатты ыстық болатынын айтады. Дәл осы екі аудан былтыр да құрғақшылықтан зардабын тартқан еді. Соның кесірінен мыңдаған бас мал арам қатты. Кейбір аудандарда табиғи сипаттағы төтенше жағдай режімін жариялауға тура келді. 

Биыл Маңғыстау өңірінде тағы төтенше жағдай енгізілді. Бұған малдың қырылуы емес, толастап жауған жауын-шашын себеп болды. Дегенмен қатты жаңбыр бұл аймақты құрғақшылықтан құтқармайын деп тұр. 

Ал елдің өзге өңірлеріне келер болсақ, мамыр айында Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында орташа құрғақшылық болады. Қалған облыстарда қолайлы ауа райы сақталмақ.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Жүрек төрт рет тоқтаған: Алматы облысының дәрігерлері жаңа босанған ананың өмірін аман алып қалды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына Райымбек ауданында жағдайы нашарлаған жаңа босанған әйел туралы шұғыл хабарлама келіп түсті. АККА дәрігерлері мен...