Қытайдағы қызыл аспан жұрттың үрейін қашырды

Танымал

Ел аузында

Қытайдың Чжоушан қаласында қызыл аспан жұрттың үрейін қашырды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

LADBible порталының мәліметінше, тұрғындар әлеуметтік желіде аспан кадрларын жүктеп, бұл не екеніне болжам жасап жатыр. Біреулер тіпті апокалипсис басталды деп шешкен. 

«Мұндайды бұрын-соңды көрген емеспін. Аспан қызыл түске айналуы мүмкін екені қатты таңғалдырады», – деп жазды олардың бірі.

Алайда жергілікті метеорологтар тұрғындарды сабырға шақырды. Чжоушан метеорологиялық бюросының қызметкерлері сенбіде қала тұманды және бұлтты болғанын, ал қызыл аспан кезінде жаңбыр жауып тұрғанын айтты. 

«Ауа райы жақсы кезде атмосферадағы су аэрозоль түзеді, олар қайықтардың жарығын сындырып, шашыратады. Содан адамдар көрген қызыл аспан пайда болды», – деді мамандар. Бұл туралы Global Times жазды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Қысқа сөзге сыйған терең мағына: Нақыл сөздер жинағы жарық көрді

Жақында оқырман қауымға автор Динара Бердімұраттың нақыл сөздер жинағы жол тартты. Еңбек, адалдық, жауапкершілік және адамгершілік құндылықтарын арқау еткен...