Қазақстан Қырғызстанға әскери техникасын береді

Танымал

Ел аузында

Қазақстанның қорғаныс министрлігі Қырғызстанның қарулы күштеріне бір реттік негізде әскери техникаларды береді. Қазіргі уақытта екі ел өкілдері көмек көлемін келісіп жатыр. Бұл жөнінде қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Камалетдиновтің сөзінше, берілген техниканы тек қауіпсіздік мақсатында ғана қолдана алады, үшінші тарапқа берілмейді және ТМД-ға мүше мемлекеттерге қарсы пайдалануға болмайды. Сондай-ақ ол жеткізудің барлық шығындарын қазақстандық тарап өз жауапкершілігіне алғанын атап өтті. 11 мамыр күні мәжіліс отырысында екі ел арасындағы тиісті келісімді ратификациялау туралы заң жобасы таныстырылды.

Депутаттар бұл құжатты қолдаған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

HONOR компаниясы Cannes Film Festival аясындағы China Night кешінде мобильді түсірілімнің жаңа мүмкіндіктерін таныстырды

ARRI компаниясымен стратегиялық техникалық серіктестік негізінде жасалған құрылғы 2026 жылдың үшінші тоқсанында ресми түрде таныстырылады HONOR компаниясы 79-шы Cannes Film...