Тоқаев Ұлттық қорға қатысты заңға қол қойды

Танымал

Ел аузында

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Республиканың бюджеті мен Ұлттық қорына қатысты заңдарға қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022-2024 жылдарға арналған кепілдік берілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Еске сала кетейік, 5 мамырда Сенат депутаттары «Ұлттық қордан 2022-2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заңды және 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджетке түзетулер енгізу туралы шешім қабылдаған болатын.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматинской области обсудили вопросы профилактики и раннего выявления онкологических заболеваний

По инициативе Управления здравоохранения Алматинской области совместно с Фондом тюркоязычных журналистов и Алматинской региональной многопрофильной клиникой состоялся брифинг для...