Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

23 C
Nur-Sultan
31 C
Almaty
32.3 C
Shymkent

Маңғыстауда итбалықтар өлексесі әлі де табылып жатыр

Танымал

Ел аузында

Қатты соққан жел итбалықтардың қатты ыдыраған өлекселерін Каспий теңізінің жағалауына шығарып тастады. Мамандар барлығы 64 өлексені тапты. Бұл туралы Маңғыстау облыстық балық инспекциясы басқармасы мәлімдеді, – деп хабарлайды Lada.kz.

Форт-Шевченко теңіз порты аймағында Урдюк мүйісінен Баутино шығанағына дейінгі жағалауда итбалық өлекселері табылды.

Бұл дерек бойынша әкімдік экологтармен бірлесіп жұмыс тобын құрып, аумақты зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Толық тексеру барысында өлген итбалықтардың жалпы саны есептелді – 64, сондай-ақ бес бекіре балығы табылды.

«Жағаға итбалықтар мен балықтардың өлекселері шығуы бір күн бұрын соққан оңтүстік-батыс желінің салдарынан болды. Олар қатты ыдырап, шіріп жатыр. Зертханалық зерттеу жасау үшін өлген жануарлардан сынамалар алынып, тоңазытқыш камерасына қойылды. Сондай-ақ, су мен ауа сынамасы да алынды», – деді Маңғыстау облыстық балық инспекциясы басқармасының өкілдері.

26 сәуірден бері Каспий жағалауында өлі итбалықтар табылып жатыр.

Мамырдың басында экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев қазірдің өзінде жағадан 100-ге жуық жануардың өлексесі табылғанын айтқан.

«Итбалықтардың өліміне байланысты мамандар оқиға 3-4 ай бұрын болуы мүмкін дейді. Бұл қыс мезгілі, әлі мұз ерімеген кез. Сондықтан өлексе сақталған. Олар мұзда болды. Мұз ерігеннен кейін, майдың әсерінен қалқып, жел жағаға шығарған», – деген еді ол. 

Сондай-ақ, ол жануарлардың қырылуы мен NCOC компаниясының Солтүстік Каспийдегі жұмыстары арасындағы байланысты жоққа шығарған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Талгарской районной больнице открылся Ситуационно-аналитический центр

В Талгарской центральной районной больнице по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Турысбекулы, а также при содействии и...