Иманғали Тасмағамбетов Қазақстан гольф федерациясының басшысы болып тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйым баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан гольф федерациясының бас хатшысы Ербол Бұхарбаев Федерация Президиумының отырысы шешімімен Иманғали Тасмағамбетов Қазақстан гольф федерациясының президенті болып сайланғанын хабарлады.
Фото: Қазақстан гольф федерациясының баспасөз қызметі
Федерацияның құрметті президенті ретінде Нұртай Әбіқаев тағайындалды.
Фото: Қазақстан гольф федерациясының баспасөз қызметі
Тасмағамбетов 1993 жылдан 1995 жылға дейін Қазақстан Президентінің көмекшісі, 1995-тен 1997 жылға дейін премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарған. Сондай-ақ түрлі уақытта Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары және Президенттің бірінші көмекшісі қызметтерін атқарған. 2002 жылы премьер-министр, 2003 жылы мемлекеттік хатшы болып тағайындалған. Кейін Алматы қаласының (2004-2008), елорда әкімі (2008-2014) болған.
2014 жылғы 22 қазанда Тасмағамбетов Қазақстан қорғаныс министрі болып тағайындалған. 2016 жылғы 13 қыркүйекте премьер-министрдің орынбасары болған еді. 2017 жылғы 3 ақпаннан бастап Ресейдегі төтенше және өкілетті елші болып жұмыс істеген.
2019 жылғы желтоқсанда Иманғали Тасмағамбетов зейнет жасына толуына байланысты Қазақстанның Ресейдегі елшісі қызметінен босатылған еді.