Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

2 C
Nur-Sultan
6 C
Almaty
19.3 C
Shymkent

Қорғаныс министрі: соғыс жағдайында әрекет етуге қабілетті бөлімшелер құрылады

Танымал

Ел аузында

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов соғыс және дағдарыс жағдайында әрекет етуге қабілетті жауынгерлік бөлімшелер жасақталатынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы Қарулы Күштерді қайта жасақтау, олардың жауынгерлік әзірлігі мен жарақтандырылуын арттыру жөнінде тапсырмалар берді. Сондықтан соғыс жағдайы мен дағдарыс ахуалында әрекет етуге қабілетті жауынгерлік бөлімшелер жасақталып жатыр», – деді генерал-полковник Руслан Жақсылықов.

РЕКЛАМАtoimart.kzПерейтиРЕКЛАМА

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Марат Құсайынов әскердің жауынгерлік дайындығын арттыру жөніндегі іс-шаралардың қорытындысы туралы баяндады. Ол есептік кезеңде жауынгерлік даярлықтың қарқыны едәуір артқанын, заманауи қарулы қақтығыстардың тәжірибесіне қарап, әскерді қолданудың жаңа нысандары мен әдістері игеріліп жатқанын атап өтті.

Отырыс барысында Қарулы Күштердегі әскери тәртіп пен құқық тәртібі, тыл, техника жағынан қамтамасыз ету және әскери инфрақұрылымды дамыту мәселелері де қаралды. Сонымен қатар, қорғаныс министріне «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы аясында өткізілетін қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтау нысандарын жетілдіру шаралары баяндалды.

Генерал-полковник Руслан Жақсылықов қатысушыларға қазіргі жағдайда мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесіндегі әскердің ролі мен алатын орны назарда болуы керегін айтты. Қорғаныс ведомствосының басшысы Президент бастамасымен Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі алдағы референдумның айрықша маңызды екенін де атап өтті.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Жизни более 100 человек помогли сегодня спасти жители города Конаев

Сдать кровь – это доброе дело особой категории, которое поможет кому-то вылечиться, кому-то спасет жизнь, сделать его может каждый,...