Теңге қор нарығында нығая түсті

Танымал

Ел аузында

Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындылары бойынша доллардың теңгеге шаққандағы бағамы сәл төмендеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы доллар бағамының 6, 04 теңгеге арзандағанын көрсетті. 1 доллар 425, 02 теңге болды. 

Ұлттық банктің 20 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 431, 41 теңге. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 426, 99 теңге, сатып алу – 431, 76 теңге. 

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 426,58 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 429, 34 теңге.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Совминкада жаңа медициналық ғимараттар бой көтереді

ҚР ПІБ Медициналық орталығының Ұлттық госпиталі аумағында жаңа медициналық ғимараттарды кезең-кезеңімен салу арқылы ауқымды жаңғырту жұмыстары басталды. Жоба аясында...