Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-5 C
Nur-Sultan
7 C
Almaty
14.3 C
Shymkent

Әлемде 100 миллионнан аса адам үйінен жырақ жүруге мәжбүр – БҰҰ

Танымал

Ел аузында

БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі агенттігі (БҰҰ БЖКБ) әлемдегі босқындар санын есептеді, – деп хабарлайды Reuters.

БҰҰ БЖКБ-ның жаңа мәліметтеріне сәйкес, зорлық-зомбылық, қақтығыс, қудалау және адам құқықтарының бұзылуы салдарынан әлемде 100 миллионнан аса адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған.

©REUTERS 

Жоғары көрсеткіштің негізгі факторлары Украинадағы жағдай, сондай-ақ, Эфиопия және Конго Демократиялық Республикасы сияқты жерлердегі ұзаққа созылған қақтығыстар болып отыр.

©REUTERS 

«Бұл – бұрын ешқашан болмаған рекорд. Осы көрсеткіш қақтығыстарды шешу және алдын алу, қудалауды тоқтату, жазықсыз адамдардың үйлерінен кетуіне себеп болатын негізгі себептерді жою үшін дабыл болуы қажет», – деді БҰҰ Босқындар жөніндегі Жоғары комиссары Филиппо Гранди.

©REUTERS

БҰҰ БЖКБ мәліметтеріне босқындар, баспана іздеушілер және өз елдерінің ішінде қоныс аударғандар кіреді. Кейінгі аптада гуманитарлық орган былтыр жыл аяғында босқындар саны рекордтық деңгейге жеткенін, шамамен 60 миллион адам болғанын мәлімдеді.

Гранди гуманитарлық көмек тек оның салдарын жоятынын айтып, босқындар санын арттыратын себептерді жою үшін шаралар қабылдауға шақырды.

Еске салайық, бұған дейін БҰҰ Украинадан кеткен босқындар саны 4,9 миллион екенін мәлімдеген болатын. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...