Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

25 C
Nur-Sultan
34 C
Almaty
36.3 C
Shymkent

Қазақ-қырғыз шекарасында 200 жүк көлігі өте алмай тұр

Танымал

Ел аузында

Кең-Булун бекеті арқылы Қырғызстаннан Қазақстанға өте алмай тұрған жүк көліктерінің саны 200-ге жетті, – деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы.

Телеарнаның мәліметінше, көлік кептелісіне не себеп болғанын әзірге ешкім түсіндірмеген. Әдетте тауар немесе азық-түлік тиелген жүк көліктеріне шекарадан өту қиын екені ғана айтылған.

Қырғызстаннан Қазақстанға бос ауыр жүк көліктері тек Кең-Булун бекеті арқылы ғана кіре алады.

«Мұнда тұрғанымызға екі күн болды. Көліктердің барлығы бос, ешбір жүгі жоқ. Қазақстан аумағына кіргізуін күтіп тұрмыз, өйткені бізге сол жақта жүк тиеп, контейнерлерімізді қалдыру керек», – дейді көлік жүргізуші Талғат Аскеев.

«Қырғыз тарапы Жаңа жылдан кейін тауарларды тек электронды құжатпен жіберуге міндеттеме алған. Алайда бұл шартты орындап жатқан жоқпыз. Электронды құжаты жоқ кез келген көлікті қазақстандықтар бақылайды. Сондай көлік көп екенін көріп тұрсыз, сондықтан 200, 300 көлік шекарада тұрып қалды», – дейді Қырғызстан тасмылдаушылар мен логистер қауымдастығының төрағасы Темир Шабданалиев.

Кезекті азайту үшін логистер бақылаушы органдарға электронды және өзге де құжаттарды шекараға жетпей Қырғызстан аумағында тексеруді ұсынады. Ал құжаттары дұрыс рәсімделген көлік жүрізушілері шекарадан кедергісіз өтеді. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Талгарской районной больнице открылся Ситуационно-аналитический центр

В Талгарской центральной районной больнице по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Турысбекулы, а также при содействии и...