Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-9 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
-1.7 C
Shymkent

Ауғанстанның бұрынғы қаржы министрі АҚШ-та такси жүргізушісі болып жүр

Танымал

Ел аузында

Ауғанстанды Талибан билігі кезінде күрт өзгерістер жайлады. Көптеген ауғандықтардың өмірі өзгеруде. Соның ішінде бұрынғы қаржы министрі Халид Пайенданың өмірі бұрынғыдай емес. Ол бүгінде Вашингтонда такси жүргізушісі болып жүр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап. 

Дүниежүзілік экономикалық форумдарда өз елінің атынан шығып сөз сөйлеп жүрген министр қазіргі кезде АҚШ-тың көлік жалдау компаниясында жұмыс істеуге мәжбүр.

Паенда қазір жаңа қалада университет студенттеріне Ауғанстан туралы кеңес беріп, дәріс оқиды. 

Пайенда қаржы министрі қызметінен тәліптер Кабулды басып алғанға дейін бір апта бұрын кеткен. Ел президенті Ашраф Ғанимен қарым-қатынастың нашарлауы аясында ол қамауға алынудан қорқып, Америка Құрама Штаттарына кетіп қалды, ол жаққа отбасы өзінен бұрын кеткен.

“Өмір сүру үшін жұмыс істеуің керек, содан соң көлік айдадым. Қызығы, мұнда адамдар ойлағанан да жақсырақ төлейді”, – дейді ол.

Халид Пайенда Ауғанстаннан тоғыз ай бұрын кеткен. Қазіргі уақытта АҚШ-та Вашингон қаласында көлік жалдау компаниясында жұмыс істейді. 

BBC журналисінің “Сіз үшін елшіліктің алдында тұру қандай сезім?” деген сұрағына “қиын” деп жауап берді ол. 

Пайенда Талибан билігі Ауғанстанда орнамай тұрып қаржы министрі болған.

“Бұрындары жылына екі рет осында Дүниежүзілік банк тобы мен Халықаралық валюта қоры Басқарушылар кеңестерінің жыл сайынғы отырысы (IMF World Bank) кездесулеріне келетінмін”, – дейді ол елшіліктің жанында тұрып.

Халид Пайенда Ауғанстанда отбасымен бірге тұрған.

“Кетіп бара жатқанымда мұның бәрі рас екеніне сене алмадым. Провинция аймақтарын жаулап алып жатты. Бұл трагедиялық жағдай. 35-пен 40 миллион аралығындағы адам кепілге алынды. Оларды адам құқықтары мен аз ұлттардың құқықтары қызықтырмайтын фанатизммен берілген топтар кепілге алды.

Яғни халық санының 50 пайызы. Бұл біздің 20 жылдан астам уақытта қол жеткізген жетістіктерімізді жоққа шығарады. Мен үшін ең үлкен нәрсе –  негізгі лауазымдардағы біліксіздік. Демократияның тіректеріне нұқсан келді. Бірақ менің ойымша, елдің астанасы берілмейді, әлі кем дегенде екі жыл күреседі”, – дейді ол.

Айтуынша, өте қиын кезеңдерді бастан өткерген.

“Меніңше, көп адам мұны қиын деп септейді, себебі бұл травма. Шынымды айтсам, өте қиын кезеңдерді бастан өткердім.  Күн бітуге таяғанда бұл жағдайда қалай адамдарды құтқаруға болатынын ойлаймын.

Жұмысым болмысымды ешқашан көрсеткен емес. Министрлік те, қазіргі іс те. Ойлап отырсам, бұл менің дағдарыспен бетпе-бет келген алғашқы кезім. Қуанышқа орай, бұл дағдарыс менен жақсы адам жасап шығаруда. Мені қарапайымырақ ете түсті”, – дейді ол.

Өмір жалғаса береді, дейді Пайенда.

“Өткенде қалып, қайғырып отыруға болады не алға қарай жылжып, қайта қалыпқа келу керек”, – деп қорытындылады сөзін ол.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

За два дня врачи Медцентра УДП провели 16 сложных операций в области Жетысу

В области Жетысу продолжается медицинская акция «Дни Медицинского центра Управления делами Президента РК». Во второй день ведущие врачи Больницы...