ДДСҰ басшысы екінші мерзімге қайта сайланды

Танымал

Ел аузында

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) қазіргі басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус екінші мерзімге қайта сайланды, – деп хабарлайды Reuters.

Дауыс беру осы күндері Женевада өтіп жатқан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының жиынында өтті. Сайлау процесі өткен жылдың сәуір айында басталған. Қаңтарда ДДСҰ-ның Атқарушы кеңесі бұл лауазымға жалғыз үміткер болған Тедрос Адханом Гебрейесусты ұсынды.

Гебрейесустың жаңа өкілеттік мерзімі 16 тамызда басталады. Ұйымның ережесі бойынша ДДСҰ бас директоры тек бір рет қайта сайлана алады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Саят Қамшыгермен кездесу – тәрбие мен тағылым үндестігі

Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Абай ауылындағы №2 орта мектепте «Тәрбие баспалдағы» атты ата-аналар форумы өтті. Тағылымды шараның басты...