Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-6 C
Nur-Sultan
1 C
Almaty
4.3 C
Shymkent

Елімізде биыл мектеп бітірген түлектердің саны рекордтық көрсеткішке жетті

Танымал

Ел аузында

Қазақстанда биыл 3,5 миллионнан астам оқушы үшін соңғы қоңырау соғылып, оқу жылы қорытындыланды. Статистика бюросының мәліметінше бұл соңғы 20 жылдағы рекордтық көрсеткіш, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Оқушылардың басым бөлігі Алматы қаласы, Түркістан мен Алматы облыстарынан.

«Бүгін 3 597 159 оқушы үшін соңғы қоңырау салтанаты соғылды», – деп хабарлады ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі.

Биыл Қазақстанда 171 мың түлек мектеп бітірді. Оның 8139-ы «Алтын белгі» белгісіне үміткер.

ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Нұр-Сұлтан қаласындағы мектептердің бірінде өткен соңғы қоңырау салтанатында болып, оқушыларды оқу жылының аяқталуымен, түлектерді жаңа кезеңнің басталуымен құттықтады. 

«Осында тұрып, өзімнің мектепті бітірген кездегі сезімдерім еске түсіп тұр. Мектеппен қоштасату жаңа өмірге, жаңа кезеңге қадам басу, болашаққа үмітпен елеңдей қарау мен тәжірибелердің шыңдалатын тұсы. Дәл қазір сіздер үшін ҰБТ, мектеп емтихандары үлкен сынақ пен уайым болуы мүмкін. Алайда өз тәжірибемнен айтатын болсам олардың барлығы өмірде кейін сіз үшін өміріңіздің өте оңай кезеңдеріндей болып көрінеді», – деді Асхат Аймағамбетов.

Ол биыл түлектерге мемлекеттік грантқа түсу үшін жоғары балл жинауға екі рет мүмкіншілік берілгенін гранттар санының да 15 000-ға ұлғайтылғанын, колледждерге қабылдау үшін қосымша 45 000 грант бөлінген еске салды.

Министр сонымен қатар пандемия кезінде үйде балаларына көңіл бөле, бірге жұмыс істеп, оқуға көмектескен ата-аналарға алғысын білдірді. Және ұстаздар қауымының да еңбегінің елеулі екенін айтты.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Қызылордада визажист пробация есебіндегі азаматшаларға макияж жасауды үйретіп, сертификат табыстады

Қызылорда облыстық Жастар ресустық орталығында  визажист  Серік Арайлым қыз-келіншектерге  тегін шеберлік сабағын өткізді. Бұл шараға Қызылорда қалалық пробация есебіндегі...