Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-5 C
Nur-Sultan
-1.1 C
Almaty
6.3 C
Shymkent

Камерасы бар патрульдік көліктер қай өңір жолдарында жүреді?

Танымал

Ел аузында

Қазақстанның үш облысында жол жүру ережесін бұзғандарды тіркейтін арнайы камералармен жабдықталған полиция көліктері жүр. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, бүгінде елімізде 22 патрульдік көлік арнайы камера жүйесімен жабдықталған. Оның он төрті – Қарағанды ​​облысында, алтауы – Қостанайда, екеуі – Ақмолада. Олар жол жүру ережесін бұзғандарды анықтап, деректерді бірден республикалық орталыққа жібереді.

«Мәліметтер Бас прокуратураның жанындағы Әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізіліміне жіберіледі. Мәліметтерді  орталықтандырылған жүйеге жіберудің бүкіл процесі толығымен автоматтандырылған. Бұл адам факторының іс жүргізудің объективтілігіне, нақтылығына және толықтығына әсерін болдырмайды», – деп хабарлады ІІМ.

Жыл басынан бері бұл камералар 11 мыңнан аса жылдамдықты бұзу дерегін анықтаған.

«Патрульдік көліктерде орнатылған камералар толығымен автоматтандырылған. Қызметкерлердің түзетулер енгізуге, жазылған фото және бейне мәліметтерді, танылған нөмірлік белгілерді, анықталған жылдамдықты бұзу деректерін бұрмалау немесе жою мүмкіндігі жоқ», – деп толықтырды министрлік.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...