Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

12 C
Nur-Sultan
10 C
Almaty
15.3 C
Shymkent

«Газпром» тағы бір ЕО еліне газ беруді тоқтатты

Танымал

Ел аузында

«Газпром» компаниясы 31 мамырдан бастап Нидерландыға газ беруді тоқтататынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Deutsche Welle.

Басылым мәліметінше, Нидерланды төлемді ресейлік валютада жасай алмайтынын, бұл еуропалық санкцияларды бұзуы мүмкін екенін айтқаннан кейін «Газпром» газ беруді тоқтататыны туралы шешім қабылдаған. 

Негізі, екі ел арасындағы келісімшарт қазанда аяқталуы керек еді. 

Еске салайық, бұған дейін Ресей Польша, Болгария және Финляндияға газ жеткізуді тоқтатқан болатын. Жақында Дания бұл тізімді толықтыруы мүмкін, себебі жергілікті энергетикалық компания Мәскеу ұсынған схема бойынша төлем жасауды жоспарламайтынын ашық айтты.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Мойынқұмдықтар экологияға жанашырлық танытты

Қазақстанда жыл сайын өткізіліп келе жатқан "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы биыл да жалғасын тауып, ел көлемінде ауқымды қолдау тапты....